Қарағандыда «Спутник Лайт» вакцинасы шығарыла бастады
Қарағанды фармацевтикалық кешені бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасын шығара бастады. Гамалея атындағы Ресей ғылыми-зерттеу институтында жасалған препарат Қазақстанда өткен жылы тіркелді. Оның тиімділігі 79,4% құрайды. Вакцинаның Қазақстанда өндірілген валидациялық партиясының сапасын бақылап, тіркеуден өткізу үшін Ресейге жөнелтілді. Бұған дейін Қарағанды фармацевтикалық кешені COVID-19 вирусына қарсы алғашқы "Спутник V" препаратын шығарған болатын. Кәсіпорын 2021 жылдың ақпан айынан бастап 7 миллион доза препарат өндірді.
Владимир Фольмер, Фармацевтикалық кешеннің өндіріс жөніндегі директоры:
«Спутник Лайт» вакцинасын өндіре бастадық. Алғашқы партия Ресейге жіберілді. Әр шығарылған препараттар легінің сол жақта сапасы тексеріліп, тіркеуге алынады. Қаңтар айының соңынан бастап бұл вакцина елімізде қайта екпе салу үшін қолданылуда. Препараттың арқасында ағзада антидене 6-9 айға дейін болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27