Электроникалық тауарлардың бағасы көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электроникалық тауарлардың бағасы көтерілді

03.03.2022

Электроникалық тауарларды да шетелден алып отырмыз. Сәйкесінше доллармен қоса олардың құны да шарықтап шыға келді. Осындай бір дүкендер желісінің менеджері баға шамамен 20 пайызға көтерілді дейді. Мәселен доллар шарықтамай тұрып, Apple компаниясы шығарған соңғы смартфонның орташа бағасы 474 мың теңге еді. Қазір ол 539 мыңнан саудаланып жатыр. Самсунг гаджеттері де 20-30 мыңға қымбаттады. Десе де бұл саудаға айтарлықтай әсер етіп жатқан жоқ. Клиенттер бұрынғыдай сатып алып жатыр дейді. Айтуынша бағаның арзандай қоюы екіталай.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу