Батыс Қазақстанда тасқынның алдын алу шаралары басталды
Батыс Қазақстан облысында 49 елді мекенді су басуы мүмкін. Тасқынның алдын алу мақсатында өңірде «Көктем-2022» республикалық оқу-жаттығуы басталды. Биыл орталық штаб Оралда орналасты. Қазір өңірдегі тілшіміз Ардақ Мұратқызы скайп арқылы бізбен байланысқа шығады. Ардақ, мамандар тасқынның алдын алуға дайын ба?
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Республикалық оқу-жаттығу бір сағат бұрын басталды. Бұған 5517 әскери бөлімінің, азаматтық қорғау қызметтерінің барлық күш-құралы қатысып жатыр. Алдымен, техника мен арнайы қызмет өкілдерінің дайындығы тексерілді. Азық-түлік және медициналық резервтер қоры пысықталды. Жалпы биылғы су тасқынын алдын алу мен жоюға облыс бойынша 2 мыңнан астам адам, 700-ден астам техника, 70 жүзу құралы, 300-ге жуық мотопомпа жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға «Қазавиақұтқару» мекемесінің тікұшақтары да қатысады. Биыл өңірдегі 49 елді мекенді су басу қаупі бар. Қардағы су қоры, қардың биіктігі былтырғыға қарағанда жоғары болғандықтан, тұрғын үйлерге дейін қарғын су кіруі мүмкін. Сондықтан қазір барлық жерде арық, су жүйелері, көшелер қардан аршылып жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05