Ақтөбе облысында 16 мектеп директорының орны бос тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 16 мектеп директорының орны бос тұр

02.03.2022

Ақтөбе облысында 16 мектеп директорының орны бос тұр. Сондай-ақ, 19 балабақшаның да меңгерушісі жоқ.

Қазір бос орындарға білікті мамандар іздестіріліп жатыр. Сынақ кезінде қызметкерлердің көбі біліктілік деңгейін дәлелдей алмаған. Облыстағы білім сапасын бақылайтын департамент 123 мекемеге тексеру жүргізді. Бірі жоспар бойынша, енді бірі аяқ астынан тексерген. Нәтижесінде 52 мекемеден 324 заңбұзушылық анықталған. 9 ұйымға мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның біреуі ғана сыннан мүдірмей өткен. Биылғы жоспарда 166 мекеме тұр. Мемлекеттік аттестация басталғалы 33 мектептің оқушыларынан тест сынама алынды. Білім сапасы бар болғаны 21 пайызды құрады.

Бұлбұл Күзембаева, облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Мектептердегі 9-сыныптардың білім сапасының төмен екенін байқап отырмыз. Яғни, 12 пайзыды құрайды. Осы 33 мектептің 11-і ғана өтіпотыр тесттен. Сондықтан бұл жердегі білімнің сапасы мына пандемия кезіндегі онлайн жүруге де байланысты деп жатырмыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу