Атырауда 43 мектепте директордың орны бос тұр
Атырау облысындағы 55 білім ошағында бірінші басшы жоқ. Сонымен қатар 43 мектепте директордың орны бос тұр. Қазір аймақтағы білім көрсеткіші 50 пайыздан аспайды. Бұл ел бойынша соңғы орындардың бірі. Осы мәселелер арнайы семинар-кеңесте талқыланды. Жиналғандар оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың басты тетіктерін атады. Әрі «Жайлы мектеп» жобасы туралы да айтылды. Аталған бағытта аймақта алдағы 5 жылда 12 оқу ордасын салу жоспарланған. Сарапшылар қордаланған проблемаларды жүйелі шешу үшін кешенді жоспар жасақталуы тиіс деп санайды.
Қаныбек Жұмашев, облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы:
Қазір Мектеп директорларының деңгейін көтеріп, жалпы, көңілін, назарын, зейінін аударғымыз келеді. Әрине, бұнымен білім сапасын арттыру шектелмейді. Сонымен қатар тиянақты және кешенді жоспар қажет. Жергілікті билік сол жоспарды қолдап, жүзеге асыру үшін жағдай жасауы керек.
Ж.Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
25.08.2026, 10:09
Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді
25.08.2026, 10:07
Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
25.08.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Халықтық Конституция қоғамның жаңа бағытын айқындайды
25.08.2026, 10:05
Халықтың жартысына жуығы спортпен тұрақты айналысады
25.08.2026, 10:05
Боливияда қар борап, әуе рейстері доғарылды
25.08.2026, 10:03
Вашингтон Тегеранға қарсы ауқымды санкция жариялады
25.08.2026, 10:02
Ішкі сауда көлемі өсіп келеді
25.08.2026, 10:02