Үкімет наурызда республикалық бюджетке өзгеріс енгізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет наурызда республикалық бюджетке өзгеріс енгізеді

28.02.2022

Үкімет наурыздың ортасында республикалық бюджетке өзгеріс енгізеді. Алайда Ұлттық экономика министрлігінің айтуынша, негізгі макроэкономикадағы жоспарлар өзгеріссіз қалуы мүмкін. Ал мұнайдың жылдық орташа бағасы өседі. Қазір республикалық бюджетте шикізаттың орташа құны 60 доллар. Қара алтын өзгертілген бюджетте барреліне 10-15 долларға көтеріледі. Ал қазір әлемдік нарықтағы бағасы 102 доллардан асты.

Хабарламаларға жазылу