Қостанайда құрылыс колледжі, құрылыс компаниясы және білім басқармасы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда құрылыс колледжі, құрылыс компаниясы және білім басқармасы меморандумға қол қойды

28.02.2022

Қостанайда құрылыс колледжі мен құрылыс компаниясы және білім басқармасы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Күні бүгінге дейін дуальды оқыту шеңберінде 180 кәсіпорын облыстың 34 колледжімен әлеуметтік серіктестік туралы келісім жасаған. Мұндай келісімдер студенттердің теорияны тәжірибемен ұштастырып, диплом алған соң жұмысқа тұруына да оң ықпал етеді. 2021 жылы дуальды оқыту жүйесі бойынша жұмысқа орналстыру үлесі 84 пайызға жетті. Құрылыс колледжінде қазір 1000-нан аса студент бар. Соның 233-і дуальды білім алады. Жаңа меморандумнан соң олардың қатары көбейе түспек. 

Серікбай Қадіров, құрылыс колледжінің директоры:

Біздің балаларымыз өндірістік тәжірибеден өтуге барып жүр. Колледж бітіргеннен кейін сол тәжірибеден өткен жеріне жұмысқа орналасады. Ал мына үшжақты меморандум біздің дуальды жүйені оңалтуға дұрыс болады.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу