Түркістанда аналар тұрғын үй кезегінің жылжымайтынына наразы
Түркістанда мемлекеттік бағдарламамен берілетін баспанаға қол жеткізе алмаған аналар әкімдікке жиналды. Мүгедек бала бағып отырған және жалғызбасты аналар тұрғын үй кезегін күтіп шаршадық, дейді. Айтуларынша, кезек жылдар бойы жылжымайды. Пәтер жалдап тұру қиынға соғады. Ал, қала билігі болса жиналғандарға пәтер тек кезекпен берілетінін айтады. Алдағы уақытта әлеуметтің әлжуаз тобы өкілдерінің баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін, үкіметтік деңгейде қарастырамыз дегенді алға тартты.
Майра Қошқарбаева, жалғызбасты ана:
мен 800 болып rtptrnt тұрмын, базада бірақ 1200 болып тұрмын. Неге ондай болып тұрмын деймін, ауыстырып жіберген. Қазір енді 601-мін, алты жылда сонда жеті жүз ғана жылжып тұр.
Жандос Тасов. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:
Қазіргі таңда қала басшылығы тарапынан ұсыныс әзірленуде. Оны жоғары тұрған мемлекеттік органдарға біз ұсыныс енгізетін боламыз міндетті түрде. Ол сәуір айында құжаттар жинақталады, мамыр айында жүзеге асады деп күтілуде.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06