Украинадағы жағдай әлемді баға дағдарысына ұшыратуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы жағдай әлемді баға дағдарысына ұшыратуы мүмкін

25.02.2022

Украинадағы жағдай әлемді баға дағдарысына ұшыратуы мүмкін. Осы оқиға салдарынан бүгін мұнай құны күн сайын құбылып тұр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, шикізат нарығының шарықтауына көмірсутегін тұтынушыларға жеткізу қиындайды деген алаңдаушылық себеп. Сонымен қатар, газ да қымбаттап барады. Оның текше метрі өткен 24 сағаттың өзінде 60 пайызға көтерілген. Сарапшылардың айтуынша, бұндай жағдай энергетикалық ресурстарды сатып алып отырған елдерде, тауар мен қызмет бағасын айтарлықтай өсіреді.  Ресей мен Украина «Еуропаның наны» деп аталады. Өйткені, екеуі де астық саудасында әлем үшін шешуші рөл ойнайды. Жалпы  алғанда, бұл екі мемлекет биыл 60 миллион тонна бидай экспорттауы керек. Әскери операцияларға байланысты ол мақсат орындалмаса, дүниежүзілік нарықта ұн да қымбаттауы ғажап емес. Ал, өткен айдың соңында Чикагода бидайдың тоннасы қарашаның ортасынан бері алғаш рет 300 доллардан асты.

Цюй Цянь, Қытайдың Жэньмин университеті Халықаралық валюта институты директорының көмекшісі:

Менің ойымша, халықаралық тауар нарығына көбірек назар аударылуы керек. Өйткені, Украина да, Ресей де тауарларды, әсіресе, ауылшаруашылығы өнімдерін жеткізуші ең маңызды елдер. Америка мен Қытай бидай, күріш және өсімдік майымен өз-өздерін қамтамасыз ете алар. Бірақ, әлемнің қалған бөлігінде азық-түлік пен энергия бағасы жанжалдың әсерімен өлшенеді ғой.

Хабарламаларға жазылу