4 пайызбен автонесие беру мерзімі 2 апта ішінде белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 пайызбен автонесие беру мерзімі 2 апта ішінде белгілі болады

24.02.2022

Утильалымнан түскен қаржы жеңілдетілген автонесие беруге жұмсалады. 50 пайызға азайған төлемнің нақты қолданысқа енгізілетін мерзімі тиісті шаралардан кейін белгілі болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қалабаев мәлімдеді.

Былтыр елімізде сатылған темір тұлпардың 65 пайызы отандық автокөліктер, дейді мамандар. Яғни, көлік сатып алған отандастарымыздың 65 пайызы утильалым төлемеген. Брифингте вице-министр 4 пайызбен жеңілдетілген автонесие беру мерзімі 2 апта ішінде нақты белгілі болатынын атап өтті. Министрлік өкілінің айтуынша, шетелдік техниканы шығаратын компанияның өндіріс ошағы Қазақстанда орналасса, онда құрастырылған техникалардан утильалым алынбайды.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
– Ауыл шаруашылығында Беларусьтың МТЗ тракторына сұраныс өте жоғары. МТЗ бізге келіп зауытын ашты. Сонымен қатар Ловол, Киревец, YTO тракторларына сұраныс бар. Яғни, халықтың сұранысына ие ауыл шаруашылығы техникасының бәрі өзімізде құрастырылады. Осы техникаларды сатып алу барысында ешқандай утильалым төленбейді.

Утильалым Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі техника ауыл шаруашылығы автокөлік автонесие

Хабарламаларға жазылу