Қостанай облысында инфрақұрылымды жаңартуға 2 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында инфрақұрылымды жаңартуға 2 млрд теңге бөлінеді

23.02.2022

Биыл Қостанай облысындағы Лисаков қаласының жылу және су құбырларын жаңартауға 2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Парламент депутаты шағын шаһардың тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Бүгін бірнеше депутат Лисаков қаласында болып әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралады. Сайлаушылар алдында есеп беріп, көпшіліктің ұсыныс тілектерін тыңдады. Депутаттар болған боксит кен басқармасы қаладағы ең ірі өндіріс орындарының бірі. Мұнда 25 жылға жететін пайдалы қазба қоры бар. 2 мыңнан аса адам еңбек етеді.

Әлия Сапарова, ҚР Парпарламенті Мәжілісінің депутаты:

Бүгінде осы мекеме қызметкерлерімен кездесіп олардың ойларын тыңдадық. Олар да әлеуметтік мәселеге қатысты, елімізде болып жатқан мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып жатыр. Біз де сол сұрақтарға жауап беруге тырыстық.


Хабарламаларға жазылу