Электр желісіне заңсыз қосылған майнинг-ферма анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр желісіне заңсыз қосылған майнинг-ферма анықталды

21.02.2022

Қаржы мониторингі агенттігінің  тексеруі барысында «bitcoin» өндіретін 159 құрылғы табылды. Мұнда 4 ай ішінде 21 млн теңгеден астам қаржы қолма қол ақшаға айналдырылған.  Алматыда да жасырын майнинг-фермадан криптовалюта өндіретін 700-ден астам құрылғы табылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Соңғы 5 күнде Энергетика министрлігі құқық қорғау өкілдерімен бірлесіп 13 майнинг-ферманың жұмысын тоқтатты.

Олардың жалпы тұтыну қуаты 202 МВт-қа жетеді. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактілері Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Ақмола, Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында тіркелді.


Хабарламаларға жазылу