Өзбекстанда заңсыз майнинг ферма табылды
Өзбекстанның Самарқан облысында заңсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды. Нысан құжат бойынша жихаз шығаратын цех ретінде тіркелген болып шықты. Жымысқы әрекетті «Узэнергоинспекция» мамандары мен құқық қорғау органдары тексеру кезінде әшкерелеген. 47 құрылғы тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын 10 миллиард сомға жуықтайды. Қазір цехтың құжаттары прокуратураға жолданды. Бұған дейін дәл осыған ұқсас жасырын фермалар Ферғана мен Науайы облыстары аумағында табылған еді. Айта кетейік, Өзбекстанда криптовалюта өндірумен заңсыз айналысқандар 49,5 млн сом айыппұл төлейді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-дағы Шанағаты ауылында ауа температурасы – 56 градусты көрсетті
18.01.2026, 21:22
Трамптың Гренландияны тартып алу жоспарына қарсы мыңдаған тұрғын наразылық акциясына шықты
18.01.2026, 20:10
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылға байланысты СІМ мәлімдеме жасады
18.01.2026, 20:09
Д.Трамп: Иранға жаңа басшыларды іздейтін уақыт келді
18.01.2026, 20:07
21 жастағы Нұрайдың өлімі: Жақындары ең ауыр жаза тағайындауды сұрап отыр
18.01.2026, 20:02
Энергетикалық сусын, тәтті тағам, фаст-фуд: Бедеулікке не себеп?
18.01.2026, 20:01
Қайтыс болған 996 адамға 3 640 рет қызмет көрсетілген
18.01.2026, 19:59
Сарапшы: Суды үнемдеуден бұрын оны есептейтін жүйе жоқ
18.01.2026, 19:51