Ақтөбеде мектеп автобусы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мектеп автобусы өртенді

21.02.2022
Ақтөбеде мектеп автобусы өртенді. Абырой болғанда балалар дер кезінде сыртқа шығарылған. Кірпішті аулындағы номері 18-інші мектепке тиесілі көлік сол аумақтағы елді мекендердің оқушыларын тасымалдайды.

Жақсыбек Кемал, тілші

Оқиға бүгін таңертең болды .Ақжар ауылы мен саяжай аумағында тұратын балаларды алып келе жатқан автобус ішінен түтін иісі шыққан. Мектеп алдына келіп тоқтаған бойда, сол жерде болған мұғалімдер мен ата-аналар балаларды тез арада түсіріп алған.Ешкім зардапшеккен жоқ. Іле-шала көліктің алдыңғы бөлігінен тарс еткен дыбыс шығып, жана бастаған. Жалын дер кезінде сөндірілді. Болған оқиғадан шошып қалған ата-аналар мектепке келіп, балаларының жағдайын білді. Мектеп басшылығы 2009 жылы шыққан бұл автобуспен енді оқушылар тасымалданбайтынын жеткізді. Онымен мердігер мекеме айналысады. Ал, жаңа көлік наурыз айында келуі тиіс.

Гүлфарида Тағыбергенова, тұрғын:

Көне автобус, екі күннің бірінде бұзылады. Екі күннің бірінде автобус болмай қалады.Біздер осы жөнінде, ішінің бәрі шірік, балаларымыздан естігеніміз, артқы есігі ашылмайды оның. Алдынан жанған.  Балалардың бәрі әйтеуір аман,түсіріп үлгерген.

Бұған дейін жол апаты кезінде үш бала өртеніпкеткенін айтқан едік. Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолында келе жатқан «Лада Ларгус» маркалы көліктің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақшы болған. Алайда жүк көлігіне соқтығысқан. Жеңіл көлік жолжиегіне аударылып кетіп, жүргізуші терезеден сыртқа ұшып түскен. 2007,2009 және 2021-інші жылы туғанбалалары тірідей көлік ішінде жанып кетті. Балалардың әкесі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Өкінішке орай,ол да көз жұмды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу