Қостанайда шаңғы жарысы өтті
Қостанайда спорт мектептері арасында шаңғыдан Республика чемпионаты өтті. Жарысқа Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы мен тағы 5 облыстың жас спортшылары қатысты. Олар алғашқы күні еркін жүруден, келесі күні классикалық жүруден сынға түсті. Барлығы 100-ден астам жасөсіпірім бақ сынаған сайыс төрт күнге созылды. Жарыс өткен Қостанайдың 32 спортшысы осы бәсекеде жүлдеге ілікті. Оның 9-ы алтын алса, 15-і күміс, 8-і қола медаль иеленді.
Николай Завялов, чемпионаттың бас төрешісі:
Мұндай жарыстар спорттың дамуына ықпал етеді. Сайысты жарыс алаңдары халықаралық стандартқа сай үлкен қалаларда ғана емес, облыс орталықтарында өткізудегі мақсат осы. Себебі құрамаға кірмеген жергілікті жас спортшылар ондай сайысқа бара алмас еді. Ал осы жерде өткізгенде олар үздіктермен бәсекеге түсіп, шеберліктерін шыңдауға қажетті тәжірибе жинайды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09