Мемлекет басшысы өз сұхбатында мерзімді баспасөзді үзбей қарайтынын жеткізді.
««Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» сынды газеттерді оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» басылымдарын міндетті түрде оқып тұрамын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал телеарналардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламарды қараймын», - деді Президент.