Президент: Досаевтың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Досаевтың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек

17.02.2022
«Алматы еліміздегі ең ірі, ерекше шаһар деп айтуға болады. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-ауқаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды, көптеген нысан өртелді, қиратылды. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл жұмыс Ерболат Досаевқа жүктелді. Қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық арнаға берген сұхбатында.

Хабарламаларға жазылу