Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық арнаға берген сұхбатында еліміздегі наразылықтар халықтың әлеуметтік мәселелерінен туындаған деп есептейді.
«Халықтың көбінің әлеуметтік жағдайы төмен. Мойындауымыз керек. Бұл ақиқат. Мемлекеттің тұтас байлығы аз ғана топтың қолында. Теңсіздік белең алуда. Өкініштісі, азаматтардың наразылығын лаңкестер, қылмыскерлер пайдаланып кетті. Бұған бәріміз куә болдық»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.