Ұлттар бірлігін насихаттап жүрген журналистер марапатталды
Этносаралық қатынастар мен ұлттар татулығын ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау - тұрақтылықтың кепілі.
Бүгін Тәуелсіздік сарайында бас қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері осы мәселелерді ортаға салды.
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев ұлттар бірлігін насихаттап жүрген журналистер мен этномәдени бірлестік өкілдерін марапаттады.
Олардың арасында Ұлттық арнаның «Менің Қазақстаным» бағдарламасының редакторы мен продюсері бар.
Ал, клуб мүшелері ассамблеяның «Бірлік» алтын медалін алса, өзге марапат иелеріне Алғыс хаттар табысталды.
Ассамблеяның «Қазақстан - достық бесігі» атты екінші фотобайқауының жеңімпаздары да ерекше құрметке бөленді.
Әділ Ахметов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры:
Осы идеяны біз жастардың санасына құя беруіміз керек. Өйткені біздің мемлекетіміздің келешегі, бірлігі , дамуы осы ауызбіршілікке байланысты. Сондықтан, біз осы дәстүрді қалыптастыруымыз керек.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06