Түркістан облысында 600 бала мектепке қатынап оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 600 бала мектепке қатынап оқиды

17.02.2022

Түркістан қаласының іргесіндегі Баянауыл елдімекенінің балалары қалаға қатынап оқуға мәжбүр. Ауылда мектеп салынады делінгелі 10 жыл болғанымен,білім ұясының іргетасы да қаланбаған. Салдарынан мұндағы жүздеген оқушыға күнбе-күн 7 шақырым жердегі мектептерге сабылуға тура келеді. 

Баянауылдық 600-ге тарта оқушының күнде көретіні осы. Сабаққа бару да, келу де мұң. Бір бағыттағы автобусқа таласа тармаса мінеді. Шағын маршрутқа сыймай қалғандары амалсыз жаяу тартады.

Інжу, оқушы:

Алтылар өте кішкентай, жартысы сыймайды. Сол үшін қалып кетеміз. Жаяу қайтамыз. Алыс Баянауыл жақ. Түн боп кетеді, иттер көп. Қауып ала ма деп қорқам.

Ал, сенбі, жексенбі күндері автобус мүлдем жүрмейді.

Құрманғазы Жүсіпов, Баянауыл елдімекенінің тұрғыны: 

Екі-ақ маршрут шығады, алты деген. Ол үш сағатта ма, төрт сағатта ма келеді. Суббота, воскресенье күні алты деген вообще жүрмейді. Неге келмей қалдыңыздар десем, мен жекеменшікпін дейді. Суббота, воскресенье заказ болса кетіп қаламын дейді. Сонды мына жақтағы халық заказдан не болғаны ма?

Қоғамдық көліктің аздығынан әбден қажыған ауыл тұрғындары жиналып, биліктен қосымша автобус бөлуді талап етті.

Гүлнар Мырзаева, Баянауыл елдімекенінің тұрғыны: 

Қыстыкүні балдарымыз жаяу келеді, күн суық кезде жаурап келеді. Кейбір балдарымыз бастауышта балдарымыз бар, кейде олар жіберіп те қойып келіп жатыр денелері мұздап. Оны жасырмаймыз. Әкімшілікке неше бардық осы жағдайды айтып, бірақ ешқандай қозғалып жатқан жоқ.

Білім бөліміндегілер болса, елдімекен қалаға қарағандықтан, мектептен арнайы көлік бөлінбейді деп кесіп айтты. Яғни оқушылар күнделікті бағыттағы автобустармен қатынауы тиіс. Ал, мектеп салу мәселесі жеке инвестор есебінен шешіледі деп отыр.

Қасым Баймағамбетов, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту блімінің өкілі:

Баянауылдың жобалау сметалық құжаттары әзірленген. Алайда экспертиза мемлекеттік сараптамасы жасалмаған. Сол себепті қазір сараптаманы алуды ұсындық. Енді биылға екі айда жерді заңдастырып берсе, бұйыртса осы бірінші сентябрьде мектепті тапсырамыз деген үміттеміз.

Қаланың жолаушылар көлігі бөліміндегілердің айтуынша, пандемия кезінде қоғамдық көлік санын азайтқан. Ал биыл тағы 60 автобус алынып, оның бірқатарын Баянауыл елдімекеніне жолдаймыз деп сендірді.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу