Қысқы Паралимпиада ойындарына 5 спортшымыз қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы Паралимпиада ойындарына 5 спортшымыз қатысады

17.02.2022

Олимпиада ойындарының аяқталуына санаулы күндер қалды. Ал наурыз айының 4 мен 13 аралығында Бейжің қаласында паралимпида ойындары өтеді. Қазақстан атынан бұл сайысқа 5 спортшы қатысады. Олар Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Жерлестеріміз спорттың екі түрінде, яғни шаңғы сайысы және биатлон бойынша сынға түседі. Жалпы байрақты бәсекеге әлемнің 50 елінен 700-ден аса спортшы қатысады. Ашылу салтанатында Көк байрағымызда шаңғышы Ербол Хамитов ұстап шығады. Паралимпиада комитетінің мәліметінше. карантин шектеулеріне байланысты биыл атлеттеріміздің саны қысқарып қалған.

Хабарламаларға жазылу