Түрлі созылмалы ауруы бар науқастар екпе салдырған жөн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрлі созылмалы ауруы бар науқастар екпе салдырған жөн

16.02.2022

Түрлі созылмалы ауруы бар адамдар екпе салдырған жөн. Мұны медицинадағы әр түрлі мамандар бірауыздан қолдап отыр. Себебі, кей азаматтардың постковидтік синдром жеңіл өтпеген соң оны аурудың асқындыруымен шатастырады. Алайда, бұл кезде иммунитет күшейіп, антиденелер қалыптасады. Сондай-ақ, ересектермен қоса балалар да екпе салдырған жөн. Қорғаныш әлі беки түспеген нәресте вирусты тез жұғады. Бұл тәжірибе әзір Қытай, АҚШ сынды санаулы мемлекеттерде ғана заңдастырылды. Сондықтан дәрігерлер бала ағзасында, түрлі диагнозы бар науқастарда инфекцияның ағымын күшейтпей, вакцина салу керек деген пікірде.

Шолпан Есләмғалиева, эндокринолог: 
Еуропадағы эндокринолог мамандарының қоғамдастығы осы мәселеге қатысты жаңа мәліметтерді жариялапты. Онда қант диабетімен ауырып гормон негізінде ем алып жатқан науқастар да екпе салдыруы тиіс делінген. Тек екпе салдырар алдында науқас жаңа анализ тапсырып эндокринологқа көрінуі керек. 


Хабарламаларға жазылу