Таразда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны 135 млн теңгеден асады
Таразда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің кейбірінің жұмысы тоқтап тұр. Өйткені оларға өтемақы төлеу үшін, құжаттарды әлі қабылдап жатыр. Комиссияның соңғы есебі бойынша шағын және орта бизнес өкілдерінің шығыны 135 миллион теңгеден асқан. Жамбылдағы әріптесім Нұрдос Болатұлы жалғастырсын.
Әкімдік ғимаратының асханасын жалға алған Салтанат Момынова екі айға жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Себебі, жөндеу жұмыстары әлі басталмады. Қарамағындағы бес адам қазір жұмыссыз. Қаңтардағы бүлік кезінде бұзақылар асхананың да астаң-кестеңін шығарған. Тіпті ыдыс-аяққа дейін тонаған. Шығын екі миллионға жуық.
Салтанат Момынова, жеке кәсіпкер:
Қарапайым тамақ беретін қасық-кеселерімізге дейін алып кеткен.
Өңірдегі ұлттық палатаның филиалына 30-дан аса жеке кәсіпкер өтініш жазған. Олардың материалдық-техникалық шығыны 135 миллион теңгеден асады. Бүгінге дейін тек 11 кәспкердің өтініші мақұлданған. Қалғандарының құжаттары әлі түгенделіп жатыр.
Аспандияр Сейсебаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысы:
Бүгінгі күні комиссия құрылып, комиссияның жұмысына инфо Қазақстан арқылы 13 өтінім түсіп, 15 миллионға теңге мақұлданды.
Қаңтардағы қақтығыста медициналық көмекке 300-дей адам жүгінсе, оның 40-ы түрлі дене жарақатымен аурухана түскен. Қазір барлық науқас тиісті емін алып, үйлеріне қайтарылған.
Мұхамедғали Санаев, жарақат бөлімінің дәрігері:
Соның ішінен бір 40 науқас ауруханаға жатқызылды. Олардың көбісіне ота жасалды, жаңағы отадан кейін бөлімшеде ем алып дәл қазіргі таңда орташа жағдаймен үйлеріне жіберілді.
Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен бас аяғы 1 518 адам ұсталған еді. Оның 371-не ескерту беріліп, үйлеріне қайтарылды.
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Жамбыл облысында құқық қоғау органдарынан жедел тергеу топтары құрылып, іздестіру шаралары бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр. Нәтижесінде, қаңтар оқиғаларына қатысы бар деген 1518 күдікті ұсталып, 600-ге жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 120 адамға қылмыстық іс қозғалды. Ал, зардап шеккендер мен қаза болған азаматтардың отбасына өтемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қарастырылуда.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24