Аз қамтылған отбасылар пәтерақыға мемлекеттік төлем алу үшін 5 сәуірден бастап өтініш береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аз қамтылған отбасылар пәтерақыға мемлекеттік төлем алу үшін 5 сәуірден бастап өтініш береді

15.02.2022

Аз қамтылған отбасылар пәтерақыға мемлекеттік төлем алу үшін 5 сәуірден бастап өтініш береді.

Құжаттар электронды цифрлы қолтаңба арқылы тек онлайн қабылданбақ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің хабарлауынша қазір жоба әлі әзірлік үстінде. Оған сай мұқтаждарға пәтерақысының жартысын төлеп беру көзделген. Қалған 50 пайызын жалға алушының өзі төлейді.

Бірақ мұндай қолдау барлығына бірдей бұйырмайды. Тек баспанаға мұқтаж ретінде үй кезегінде тұрған: көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған немесе толық емес жанұялар ғана жәрдемге үміт арта алады. Әрі отбасының табысы жан басына шаққанда 36 мың теңгеден аспауы керек. Елімізде мұндай 70 мыңдай азамат бар.


Хабарламаларға жазылу