Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Марат Ахметжановты қабылдады

Мемлекет басшысы Марат Ахметжановты қабылдады

Енді мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен шығыстары бақылауға алынады. Парламентте заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу туралы заң қарастырылып жатыр. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлім етті. Сондай-ақ құжатта сыбайлас жемқорлықты әшкере қылғандарды қорғау жүйесі енгізілмек.

Марат Ахметжанов Мемлекет басшысына жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарын баяндады. Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар тартылмақ. Сондай-ақ әр мекемеде жауапты адамдар бекітілген. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған тәсілдерді қолдап, Агенттіктің осы бағыттағы үйлестіруші рөлін күшейтуді тапсырды. Және бұл жұмыс Президенттің ерекше бақылауында болатынын жеткізді.

Шерхан Жамбылұлы


Бөлісу