Елдегі эпидахуал: Бір тәулікте 1173 адам ковид жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі эпидахуал: Бір тәулікте 1173 адам ковид жұқтырған

15.02.2022

Елімізде ковид жұқтыру көрсеткіші біршама төмендеді. Өткен тәулікте 1173 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Ал, 5 904 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуал бойынша «жасыл» аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұр. Бұл өңірлердегі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшті. «Сары» аймақтар қатарында Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бар. Ал, қауіпті аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. 

Хабарламаларға жазылу