Ақмола облысында боран соғып, бірнеше бағыттағы жол жабылды
Ақмола облысында қатты боран соғып, бірнеше бағыттағы трасса жабылды. Жолға шығып кетіп, қар құрсауында қалғандар бар.
Ермек Елберген, тілші:
Кеше кешкілік уақыттан бастап Ақмола облысында 116 адам уақытша жылыну орындарына жеткізілді. Олардың 14-і бала. Бұл - боранға байланысты жолдардың ашылуын күткен жолаушылар. Ал қар құрсауында қалған көліктерден 7 адам құтқарылды. Олардың 3-уі Целиноград, 4-і Қорғалжын ауданында. Сондай-ақ, бүгін Көкшетау қаласында 1-ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқып жатыр. Кеше басталған ақтүтек боран бүгін таң ата бәсеңдеді. Қазір облыс аумағындағы барлық жол ашық. Өңірде алдыңғы күні де қолайсыз ауа райы орнап, бірнеше жол апаты тіркелді. Соның бірінде 3 адам көз жұмды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05