Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігі екіге бөлініп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігі екіге бөлініп қалды

14.02.2022

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігі екіге бөлініп қалды.

Оқиға «Самара-Шымкент» тасжолының жеті жүз бесінші шақырымында болды. «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Opel Vectra» көлігімен соқтығысты. Салдарынан «ВАЗ» қақ айрылды. «Opel Vectra»-ның жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Жүк көліктері соқтығысты

«Самара-Шымкент» тас жолында да үш бірдей жүк көлігі апатқа ұшырады. Сондай-ақ, тағы бір жеңіл көлік зақымданды. Жеңіл автокөліктер тиеген жүк көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан тағы бір «автовозға» соғылған. Соның салдарынан ол қарсы бағытта келе жатқан «Mercedes» жүк көлігін түйген. «Mercedes»-тің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Оқиға салдарынан жолдағы қозғалыс уақытша тоқтап қалды. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары жүргізілі жатыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу