Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаңтар оқиғасынан кейінгі бастамаларын ел тұрғындарының қанша пайыз үлесі қолдайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаңтар оқиғасынан кейінгі бастамаларын ел тұрғындарының қанша пайыз үлесі қолдайды?

13.02.2022

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қаңтар айында елде сауалнама жүргізген. Сол мәліметтерге назар салсақ. Сауалнамаға қатысқандардың 78,2 пайызы Президентке, 71,6 пайызы армияға сенетінін айтқан.

Ал, Президенттің 11 қаңтарда жариялаған ұсыныстары ішінде мемлекеттік қызметке қолжетімділікті арттыру бастамасын респонденттердің 92,6 пайызы қолдаған. Инфляцияны 3-4 пайыз деңгейінде ұстауды 91,8, елден шығатын қаражатты бақылауды - 91,3, діни экстремизммен күресті күшейтуді 90 пайызы дұрыс деп есептейді.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жұмысын қайта құру бастамасын сауланамаға қатысқандардың 94,1 пайызы қолдаса, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құру идеясымен 96,1 пайызы, әлемнің жетекші университеттерінің 5 филиалын ашу бастамасыменн 90 пайыздан астамы келіскен.


Хабарламаларға жазылу