Қазіргі ресми мәлімет: «Қаңтар трагедиясы» кезінде 227 адам мерт болған, оның 19-ы– күш құрылымдарының өкілдері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазіргі ресми мәлімет: «Қаңтар трагедиясы» кезінде 227 адам мерт болған, оның 19-ы– күш құрылымдарының өкілдері

13.02.2022

«Қаңтар трагедиясы» кезінде қазіргі ресми мәлімет бойынша, 227 адам мерт болған, оның 19-ы– күш құрылымдарының өкілдері. Қанша бейбіт адам опат болғаны туралы мәлімет жоқ. Түрлі қоғамдық ұйымдардың, соңғы аптада Мәжіліс депутаттарының араласуымен бұлтартпау шарасы өзгертіліп, қамаудан босатылып жатқандар бар. Арасында кәмелет жасына толмағандар, жетім балалар бар болып шықты. «Қаңтар оқиғасы» бойынша күдікті ретінде ұсталып, қамалған азаматтардың тергеу кезінде азапталғаны, кейбірін тірі әкетіп, өлі қайтарғаны туралы арыз көбейді.

Мысалы, Семейде ұсталып, изолятордан тірі шықпаған Жандос Жотабаев пен Елдос Қалиевтің жақындары қайғыдан қан жұтып отыр. Қан жұтып отырған жоқ, ашу-ыза кернеп отыр. Өткенде талдықорғандық Азамат Батырбаетың арқасына үтік басылып азапталғанына тоқталғанбыз, үтік басып азапталғандар жалғыз Азамат емес болып шықты.

Баласының сондай азап көргенін айтып отырған басқа аналар бар. Оларды сай сүйегің сырқырамай тыңдай алмайсың. Қамалғандардың азапталуы бойынша жұмыс істеп жүрген бір қоғамдық қозғалыстың жетекшісі Абзал Құспан жұмада былай деп мәлімдеді. Айтпақшы олармен осы аптада мемлекеттік хатшы Ерлан Карин тағы кездесіпті.


Хабарламаларға жазылу