Қазақстанның тұрақты даму бағыты айқын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның тұрақты даму бағыты айқын

11.02.2022

«Ел экономикасының тұрақты дамуы көрші мемлекеттер үшін де маңызды. Қазақстан Президентінің Ресейге сапары барысында өзара ынтымақтастықтың жаңа тетіктері сөз болды. Осылай деген саясаттанушы Мақсат Жақау: «Қаңтар оқиғасы» шекаралас орналасқан елдерді де біраз алаңдатқанын айтады. Оның сөзінше, «Қазақстанда тыныштық пен саяси тұрақтылық орнағаны Орталық Азия, Еуразия кеңістігі үшін де маңызды рөл атқарады. Сондықтан стратегиялық одақтасы ретінде Қазақстанның дамуына арналған реформаларға Ресей президенті жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Екі жақты келісімдер экономикалық өсімді арттырары сөзсіз, дейді саясаттанушы.

Мақсат Жақау, саясаттанушы:

Бұл келісімшарттардан екі мемлекет те ұтылмайды. Әрі қарай саяси тұрақты даму, жалпы Еуразия, ТМД кеңістігіндегі тұрақты дамуыдың бірден-бір нышаны ретінде үлгілі кездесулердің бірі болып есептеледі.


Хабарламаларға жазылу