Шығыс Қазақстанда бірнеше бағыттағы жол жабылды
Шығыс Қазақстанда алдағы тәуліктерде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді. Жалпы, өткен тәулікте еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, соңы бұрқасынға айналды. Мәселен, Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды. Қазір бізбен осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланыста.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Кеше кешкілік аймақта қар жауып, арты боранға ұласқан болатын. Салдарынан Ақтөбеден Батыс Қазақстан облысына шығатын және ауданаралық «Сазды-Шұбарқұдық», «Ембі-Шалқар» бағытындағы жол жабылды. Құтқарушылар Мәртөк ауданында жолда қалған жеңіл автокөлікті құтқарды. Оның ішінде төрт адам болған. Барлығы аудан орталығына жеткізілді. Қазір аймақтағы барлық бағыттағы жол ашық, жауапты мекемелер қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дегенмен синоптиктердің болжамынша, өңірде бүгін ауа райы қайта нашарлауы мүмкін. Сондықтан полицейлер алыс жолға шықпауды ескертіп отыр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06