Алматыда 100 жастағы кейуана коронавирустан айығып шықты
Алматыда ғасыр жасаған кейуана коронавирустан айығып шықты. Қазір оның жағдайы бір қалыпты. Бүгін 100 жасқа толған әжейге дәрігерлер тосынсый жасап, үйіне шығарып салды. Немере, шөбере мен шөпшек сүйіп отырған қария «көрер қызығым әлі алда» дейді. Мерейтой иесін тілшіміз Нұрсұлтан Тілектесов те құттықтап қайтты.
Бүгін - Дәмеш әжей үшін қос мереке. Қауіпті індетті жеңіп шыққанымен қатар кейуана жүз жасқа толып отыр.
Дәмеш Қаратаева, қала тұрғыны:
Аспанға ұшатындай болып тұрмын. Дендерің сау болсын! Отбасыларың аман болсын, немере, шөбере сүйіңдер. Мен секілді 100-ге келіңдер.
Дәмеш Қаратаева 1 апта бұрын жөтел қысып, өзін әлсіз сезінгендіктен, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, кейуананың жағдайы өте ауыр болған.
Дәния Насырбекова, И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық аурухананың бөлім басшысы:
Апаның өзі жігері, күші өте мықты. Ақкөңіл, ашық, күлкісі адам тартарлық. Өзін жақсы ұстап, жеңіп шықты. «КТ-1» 25 пайызбен түсті. Қазір жағдайы жақсаруда.
Ғасыр жасаған қария бүгінде 13 немере, 32 шөбере мен 2 шөпшек сүйіп отыр. Солардың бірі - Нұрбол ажал аузынан аман алып қалған дәрігерлерге алғысын айтып, әжесін бауырына басты.
Нұрбол Жұмабеков, Д.Қаратаеваның немересі:
Апамның қолында өскем. Балаларыма да осы апам қараған. Апамыз дені сау болып, қасымызда күліп, ойнап жүргеніне қуаныштымыз.
Дәмеш әжейдің 100-ге келсе де, тың. Қауіпті індеттен құлан-таза айыққан кейуана отбасымен қауышып, мерейтойын қарсы алу үшін үйіне асықты.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында елуге жуық заңсыз қоқыс орны жойылды
17.09.2025, 14:24

Жұмысшы мамандық: Абай облысында 200 грант бөлінді
17.09.2025, 14:21
Елімізде ең көп кәсіпкер Түркістан облысында тіркелген
17.09.2025, 14:19
Көлік логистикасы экономиканың негізгі тірегі
17.09.2025, 14:16
Сарапшы: Жолдауда дамудың негізгі бағыттары айқындалған
17.09.2025, 14:13
Сарапшы: Жасанды интеллект санаға серпін береді
17.09.2025, 14:10
Ислам мәдениеті ұйымы діндер арасындағы татулыққа шақырады
17.09.2025, 14:06
Президент: Діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды
17.09.2025, 14:03