Отандық өндірушілер «Продэкспо- 2022» көрмесіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өндірушілер «Продэкспо- 2022» көрмесіне қатысты

10.02.2022

Отандық өндірушілер Ресейдегі «Продэкспо-2022» көрмесіне қатысты. «Продэкспо» азық-түлік тақырыбындағы әлемдік ірі байқаулардың ондығына кіреді. 29-шы халықаралық көрмеге Қазақстан серіктес болып, алғаш рет өз өнімін ұсынды. Ұлттық стендке бал, кондитерлік өнімдер, ұн, тұз, алкогольсіз сусындар, шырын, балмұздақ, өсімдік майлары қойылды. Жалпы отандық тауарларға қызығушылық жоғары. Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы былтыр 22 млрд долларға жетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 30% - ға жоғары.

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары: 

 Сауда саттықтың 70 пайызы шекара маңында жүзеге асырылады. Алыс-беріс әрі қарай да өсе береді. Бірінші күні біз құны 60 млн АҚШ доллары болатын келісімшарттарды бекіттік. Бұл өткен 11 айдағы Қазақстанның азық-түлік экспортының шамамен 15% - ы.


Хабарламаларға жазылу