Алматыда ер адамды арыққа лақтырған жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Алматыда ер адамды арыққа лақтырып жіберген көлік жүргізушісі анықталып, жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады. Оқыс оқиға 8 ақпан күні Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Мас күйдегі жаяу жүргінші жол ортасына шығып, көліктерге кедергі келтірген. Кейін оны бір ер адам көтеріп алып, арыққа лақтыра салған. Алматы қаласының полициясы ізін суытпай ер адамды арыққа лақтырған жүргізушіні тапты. 28 жастағы жаяу жүргіншінің алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал полиция төтенше жағдай туғызған және қоғамдық орында орташа дәрежеде мас күйінде болған жаяу жүргіншіні де әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
16.07.2026, 20:35
Қосшыда бірнеше әлеуметтік нысан салынып жатыр
16.07.2026, 19:45
150 орындық оңалту орталығының құрылысы қайта жанданды
16.07.2026, 19:38
Қарымта матч: «Астана» «Динамо Ситиді» қабылдайды
16.07.2026, 19:36
ШҚО-да еріктілер Дұбығалы көлінің жағалауын тазалады
16.07.2026, 19:32
Сарапшы: Шоқан еңбегі – ғылымның алтын қоры
16.07.2026, 19:31
Жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды
16.07.2026, 19:30
Қауіпті ойыншық: Сквиш пен слаймға бақылау күшейді
16.07.2026, 19:25