Елімізде бухгалтерлердің жұмысы қатаң тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бухгалтерлердің жұмысы қатаң тексеріледі

09.02.2022

Елімізде есепшілер мен бухгалтерлік ұйымдардың жұмыстары мен құжаттары тексерілетін болады. Осылайша олардың заңсыз кірісті жасыруға қатысы бар-жоғы анықталады. Бұл туралы қаржы мониторингі Агенттігі мәлімдеді. Кейбір клиенттердің операциялары қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастырумен және лаңкестерді қаржыландырумен байланысты болуы мүмкін. Тексеру жүйелі түрде жүргізіледі. Сараптама көрсеткендей, кейбір бухгалтерлік ұйымдар күдікті операциялар туралы айтпайды. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыстық іс болып есептелуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу