Бизнеске 100 млрд теңгеден астам шығын келді – Президент
Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен алдағы жоспарлар пысықталды. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланыста. Дарын, Үкімет отырысында тағы қандай мәселелер айтылды?
Дарын Сағитов, тілші:
Қаңтар оқиғасы еліміздің қалыпты өмірін түбегейлі өзгертті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиында осыған айрықша тоқталды. Соңғы мәліметтер бойынша бизнес 100 млрд теңгеден астам шығынға ұшырады. «Енді жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл өте маңызды. Ең бастысы азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет», - деді Президент. Жиында сондай-ақ еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары пысықталды. Өткен жылы экономика 4 пайызға өскен. Алайда, инфляция деңгейі межеден асып 8,4 пайызды құраған. Үкімет отырысы туралы толық ақпаратты алдағы шығарылымдардан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылы қысқа үйренген жұрт қатал қысқа дайын болмай шықты
12.02.2026, 20:30
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06