Каспийге кәріз суы төгіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспийге кәріз суы төгіліп жатыр

07.02.2022

Ақтаудағы Rixos қонақ үйінен шыққан кәріз суы Қаракөл көлін бүлдіріп, одан әрі Каспий теңізіне құйылып жатыр. Мәселе Парламент қабырғасында көтерілгенімен, тексеріс әлі басталған жоқ. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы тарқатсын.

Расында да бұл Ақтаудағы 5 жұлдызды қонақ үйдің аумағы. Құбыр хауыз суы құйылатын құдыққа жалғанған. Беті жабық тұр.

Аягөз Оралбайқызы,   тілші:
Теңізге лас су төгіліп жатыр деген аумақтамыз. Құбыр теңізден 2-3 метр жерде орналасқан. Ұзындығы 35 метр. Бұл жерде қазір ешқандай су төгіліп жатқан жоқ. Мынау толқынмен келген теңіз суы. Қазір құбырды қазып алу жұмыстары жүргізлуде. Демалыс орны басшылығының айтуынша, бұл құрылыс жұмыстары кезінде қалып қойған болуы мүмкін.

Қонақ үй басқарушысы құбырды теңіз суы тартылғанда бір-ақ байқағанын айтады. Оның жағалауға қандай мақсатпен жүргізілгенінен байхабар.

Бүгін мемлекеттік орган өкілдері мен тәуелсіз экологтар қонақ үй аумағына барып, лас су төгіліп жатыр деген аумақты көрді. Мамандар сынама алды. Бірақ, кәріз жүйесі құзырлы органның рұқсатынан кейін ғана тексерілетін болды.

 Руслан Түкенов,  облыстық экология департаментінің басшысы:
Бұл жерде трубадан су ағу фактісі айқындалған. Ол судың қандай дәрежеде лас, қай жерден шығып жатыр және де қандай көлемде не мақсатпен қойылған оның бәрін тексеру қорытындысымен айқындайтын боламыз.

Қымбат қонақүйдің төңірегіндегі дау тіпті Парламентке дейін жетті. Мәжіліс депутаттары мұндағы кәріз суының тура Қаракөл көліне құйылып жатқандығын айтып мәселе көтерді. Қаракөлді «Қызыл кітапқа» енген құстардың бірнеше түрі мекендейді. Ерекше қорғауда. Алайда, қонақ үй өкілдері көлге шәйінді емес, хауыздың суы тазартылып құйылады деп отыр.



Хабарламаларға жазылу