Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды
Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды. Ғасырға жуық өмір сүрген жазушы «Қан мен тер» трилогиясымен өзіне ескерткіш орнатып кетті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев отбасына,жақындарына көңіл айтып жеделхат жолдады. Бәрімізді жабырқатқан хабар.
Дәурен Дариябек есімді замандасымыз фейсбукте былай деп жазды: «Қан мен тер» романындағы нендей қан, қандай тер екенін білеміз бе біз осы? Мәселен, Федоров дейтін нақұрыс салған беттен:- Ау қайда? - деп сұрайды. Қаны қайнап кеткен қазақ:- Ау қайдасы несі, Адам қайда демейсің бе, адам? - деп сабайтыны бар еді.
Дулат Исабеков, жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері:
Қазақ әдебиетін әлемге танытты. Қазақ әдебиетін бүкіл одаққа керемет танытты. «Роман газет» деген газет болды кезінде. Оған екінің бірі шықпайды, соған тұңғыш рет Нұрпейісовтың «Қан мен тері» жарияланып, 1,5 млн тиражбен тарады. Сөйтіп, қазақ әдебиетінде Әуезовтен кейін үлкен мараптақа ие болып, 48 елдің тілінде «Қан мен тер» мен «Соңғы парыз», ең соңғысы Америкада басылды. Міне, сол Әбекең телефон соқса бала деп телефон соғушы еді. Тапқан екенсің 78-дегі адамды бала деп деп күлуші едім. Енді бала деп телефон соғатын ешкім жоқ, арқа сүйер үлкен бір қабырға сияқты еді.
Мырзан Кенжебай, ақын, журналист:
«Қан мен тер» кітабына 2-3 қайтара редактор болдым. Ол кісі мына сөзге мән береді, сосын оған сын айтсаң, қарсы келмейді. Мына жері қатқылдау, былай қылайық десең, ой айналайын деп қуанады. Сосын ол кісінің ерекше бір қасиеті бар. Біреулер байқамай ұлы жазушы деп жазып қалыпты, кемеңгер жазушы дейді. Соған жыны келіп, тас талқан болып ашуланатын. Олай жазғызбайтын еді. Жазушы Ә.Н деп жазғызатын еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет»
14.09.2026, 10:40
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 10:08
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 10:08
Манарбек Ержановтың есімі Түркияда ұлықталды
14.09.2026, 10:07
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
14.09.2026, 10:06
Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
14.09.2026, 10:06
«Қазақстан халқына» қорынан 220 талапкер білім беру грантына ие болды
14.09.2026, 10:05
ШҚО-да тұмауға шалдыққандар күрт көбейді
14.09.2026, 10:03