Ақтөбеде үй өртеніп, 5 жастағы 2 бала мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде үй өртеніп, 5 жастағы 2 бала мерт болды

04.02.2022

Ақтөбеде үй өртеніп, 5 жастағы 2 сәби мерт болды. Қайғылы оқиға Қызылжар ауылында болған. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт 8 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер жеткенше тұрғындар жалынды өз бетінше өшірді.

Өкінішке қарай, ыстан уланған егіздер көз жұмған. Алдын-ала болжам бойынша от электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу