Павлодар облысында бес ауыл жайылымсыз қала жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында бес ауыл жайылымсыз қала жаздады

02.02.2022

Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты 5 бірдей ауыл жайылымсыз қала жаздады. Жергілікті әкімнің ара түскеніне қарамастан аудан басшылары мал бағатын аумақты жарнамалап, сатылымға қойған. Тілшіміз Болат Аманбаев мән-жайды анықтады.

Бұл 5 ауылдан арнайы жасақталған белсенді топ. Малдың жазғы жайылымынан айрылатындарын тұрғындар жергілікті газеттегі жарнамадан оқып білген. Бізбен ақылдасқан адам жоқ-дейді олар.

Тоқтағұл Бейсенов, Естай ауылының тұрғыны:
Терентев депутат, облыстың депутаты. Тартып алмақ ойы. Оған қолдау білдіріп отырған аудан әкімі. Ақтоғайдан бастап жол бойын түгел қуалап келеді. Қай жер жақын, қай жерге аз қаржы жұмсайды. Соның бәрін өзіне алып келе жатыр.

Депутаттың көздегені қырдағы алқап емес, Ертіс жағасына жақын, суармалы аумақтар. Аудан әкімшілігі инвестор тарттық-деп облысқа есеп береді. Ал, жерден таршылық көрген тұрғындар қалаға кетіп жатыр-дейді жиналған жұртшылық.

Мейрам Мерғалымұлы, Мүткенов ауылының тұрғыны:
Тортай деген ауылда мүлдем бүгінгі таңда бір үй жоқ. Жоламанда 15 шақты үй қалды. Оның өзінде ешқайсысы жұмыспен қамтамасыз етілген емес. Бізге қарасты Әбжан деген ауылда зиратқа баратын жолдың өзін жауып тастады. Аудан әкіміне жеткізіп едік, ол кісілер, жоқ, ештеңне білмейміз, сатамыз-деді.

Жердің сатылымға шығарылғанына жергілікті әкім үзілді-кесілді қарсы. Бірақ, аудандағыларға сөзі өтпеген.

Ерік Түлеков Мүткенов, ауылдық округінің әкімі:

-Бұл халыққа малдырынды сатып, кет дегенмен бірдей сөз. Себебі, дәл сол жерде шаруаның малы, осы жерде Жаңатап, Жаңабет , Естай, Мүткенов ауылының бүкіл малы сол жерді жайлап отырған жер негізі. Егер бұл жер болмаса мал жайылатын жер жоқ деген сөз.

Тілші. Халықпен кездесуге аудан әкімі келмеді. Ауырып жатырмын-деп орынбасарын жіберіпті.

СНХР Ермек Машрықов Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары:

-Біз конкурсқа шығарғанбыз ол жерді. Конкурсқа тіркелді қатысамыз-деп. Мына жағдайды көре тұра Қаршыға Залмұқановичпен телефон арқылы сөйлестік, ақылдастық. Лотты алып тастаймыз. Конкурс болмайды. Жер қалады солай.

Тілші. Бір қызығы дәл осы аудан тұрғындары бұған дейін де жерімізді сатқалы жатыр-деп БАҚ-ы өкілдеріне жүгінген болатын. Ол жолы да әкімшілік журналистер араласқан соң ғана райынан қайтты.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу