Халықтар достығы, бірлік мерекесі шырайлы Шым қалада да кеңінен аталып өтілуде. Әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шарада барлық ұлттың өкілдері ұлттық киімде би билеп, ән шырқады.
Өткен тарихтан сыр шертетін сахналық қойылымдар қойылып, құттықтау сөздер айтылды. 136 ұлт мекендейтін шаһардың мәртебесі бүгінде осынау мерейлі халқымен айрықша.
Бүгін өткізілген сан ұлыстың сипатын айқындайтын әртүрлі шаралар соның бір айғағы. Орталық алаңда сондай-ақ, «Достық мекені» этномәдени орталықтар көрмесі қойылды.
Қолөнер бұйымдары қойылған бұл көрмеде әр ұлттың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы мейлінше сақталған. Мұнда ұлт пен ұлыстардың күнделікті тұрмыстағы заттары, түрлі аспаптары, ұлттық нақыштағы киімдері қойылған.
Тіпті киіз үйдің ішіне ұлттық тағамдардан құралған арнайы дастарқан да жайылыпты. Одан кез келген қала тұрғындары дәм тата алады.
Галина Склярова, Шымкент қаласының тұрғыны:
Орыстар, уркаиндар, беларусьтер бәріміз доспыз. Жақсы тұрамыз. Әйтеуір тыныштық болсын. Мол дастархан, ашық аспан тілеймін.
Айнұр АҚБАЕВА