Үндістанның Орталық банкі цифрлық валюта шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Орталық банкі цифрлық валюта шығарады

02.02.2022

Үндістанның Орталық банкі сәуірдің бірінен бастап өзінің төл валютасы - рупийдің цифрлық нұсқасын шығарады.

Электронды ақша банкнот ретінде қолданылмақ. Биліктің пікірінше, цифрлық валютаның шығуы сандық экономиканы дамытуға үлкен үлес қосады. Әзірге виртуалды рупийдің қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат жоқ. Дегенмен Үндістанның қаржы министрлігінің сөзінше, бұл блокчейн және басқа да технологиялар арқылы жүзеге асырылмақ.


Хабарламаларға жазылу