Бірлігіміз бекем болғанда ғана, тірлігіміз алға жылжиды - Айгүл Соловьева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлігіміз бекем болғанда ғана, тірлігіміз алға жылжиды - Айгүл Соловьева

01.05.2014
Бірлігіміз бекем болғанда ғана, тірлігіміз алға жылжиды - Айгүл Соловьева

Бүгінгі мерекені алматылықтар да алаңдарға жиналып, шат-шадыман тойлауда. Барлық аудандарда арнайы шаралар ұйымдастырылып, көшелердің сәні кірді. 
  
 Бір шаңырақ астындағы барша ұлттар бұл күнде бір-біріне ақ тілектерін ақтарып, қол ұстасып ән салып, би биледі.
  
 Әр ұлт  өздерінің ұлттық тағамдары мен бұйымдарын көрмеге қойды.
 
Айгүл Соловьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазақстан халқын бүгінгі ерекше мерекемен құттықтаймын. Бірлігіміз бекем болғанда ғана,  тірлігіміз алға жылжиды. Еліміздегі ұлттар арасындағы ынтымақ нығая берсін.
 
 Қала тұрғыны:
Мереке құтты болсын! Бақыт - берекесі, ынтымағы жарасқан елге қонады.  Татулықта өмір сүре берейік! Көңіл-күйіміз тамаша.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу