Алматы облысында қатерлі ісікке шалдыққандар көбейді
Алматы облысында қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастар саны көбейіп кетті. Былтыр 16 мыңға жуық адам обыр диагнозымен есепке алынған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 пайызға көп. Өкініштісі, 1206 адам осы жазылмас сырқаттан көз жұмған. Мамандар індет жасарып келе жатыр деп дабыл қағуда. Науқастардың 12,7 пайызы сүт безінің обырына шалдыққан. Екінші орында асқазанның қатерлі ісігі, үшінші орында өкпе обыры. Дерттің асқынуына жол бермеудің бірден-бір жолы - уақытылы скринингтен өтіп, мүмкіндігінше жылына бір тексеріліп тұру.
Гүлайым Оразбекова, облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары:
Жыл санап төртінші саты артып жатса яғни біз науқастарды бес жылға жетпей айрылып қалып жатқан жағдайларымыз бар. Сондықтан халыққа айтарымыз ертерек келіп қаралу керек. Сізді ерте сатыда анықтасақ сіздің өмір сүру ұзақтығыңыз 15-20 жылға созылып жатады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
24.09.2026, 20:14