Еуропада «омикрон» штамы өршіп тұр
Еуропада «омикрон» штамы өршіп тұр. Батыс Еуропа елдерінде індетті бір тәулікте 100-200 мың адам жұқтыруда. Вирустың мутацияға ұшыраған түрлеріне тосқауыл қою үшін қарт құрлық елдері екпе науқанын күшейтуде. Бүгіннен бастап Австрияда 18 жастан асқан азаматтар екпе алуға міндетті. Еуропадағы соңғы ахуалды баяндауға әріптесім Нұрсұлу Қасым қосылды.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Халық міндетті вакциналауға қарсылық білдіріп, қайта-қайта шеру өткізіп жатыр. Бірақ елдің канцлері заңға бағыну қажеттігін қадап айтты. Бүгіннен бастап халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, вакцина салдыртуға бір жарым ай уақыт беріледі. 15 наурызға дейін екпе сертификатын алмағандарға 3600 еуро айыппұл салынады. Аяғы ауыр әйелдер мен ковидтен жазылғанын растайтын 6 айға жарамды сертификаты барлар екпеден босатылады. Германия саясаткерлері де дәл осындай заң қабылдауды талқылап жатыр. Елде халықтың 74 пайызы толықтай вакцина алған. Қалған 20 млн адам екпе салдыртпайынша үкімет карантиндік шектеулер жеңілдетілмейтінін ескертті. Германияда бүгін бір тәулікте коронавирус 100 мыңға жуық адамнан анықталған.
Еуропалық одақта ковидке қарсы жаңа препарат қаншалықты тиімді?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Дәрі-дәрмек жөніндегі Еуропалық агенттік америкалық «Pfizer» компаниясының «Paxlovid» деп алатын дәрісін бекітті. Ересектерге арналған. Зерттеу жүргізген мамандардың пайымынша, таблетка тәуекел тобындағы азаматтардың ковидпен ауруханаға түсуін, індеттен қайтыс болуын 90 пайызға төмендетеді. Әрі «Омикронға» қарсы тиімді дейді дәрігерлер.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22