Ерлан Сайыров Қазақстандағы парламенттік жүйені реформалауға қатысты пікірімен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Сайыров Қазақстандағы парламенттік жүйені реформалауға қатысты пікірімен бөлісті

31.01.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін айтты.

«Қазақстан Президенті қызметінде қанша болатынымды білмеймін, бірақ нақты білетінім Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайды. Заңды, оның үстіне Конституцияны өзгерту болмайды», - деді Президент.

Сондай-ақ, Қазақстандағы парламенттік жүйені реформалау туралы айтты.

«Мен кейбір оқиғаларды алдын ала болжай отырып, еліміздегі парламенттік жүйені және партиялық жүйені реформалау туралы байыпты ойланып жүрмін. Партия съезінде мен барлық әлеуметтік-партиялық және саяси құрылымдардан жоғары тұруым керек дедім. Әртүрлі қоғамдық және саяси күштерді олардың ұстанымы бойынша ортақ белгіге әкелетін магнит ретінде қызмет етуім керек деп есептеймін», - деді Мемлекет басшысы.
Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Күзде мәлімдеме жасаймын деді. Өзінің саяси реформалар бағдарламасын шет жағасын айтты. Яғни парламенттік ішінде реформалар болуы керек. Парламентте мықты, халықтың ішінде беделі бар 3-4 партия болуы керек. Сол партиялар үкіметті қалыптастыруға да қатысу қажет. Және Үкіметті бақылап отыру керек.


Хабарламаларға жазылу