Десантшыларды тірі қалқан ретінде пайдаланды: Президент ескертусіз оқ атуға бұйрық беруінің себебін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Десантшыларды тірі қалқан ретінде пайдаланды: Президент ескертусіз оқ атуға бұйрық беруінің себебін түсіндірді

31.01.2022

Бейбіт шерушілерге оқ атуға бұйрық берді деп сөйлеудің қажеті жоқ. Бұл кезде алаңда бейбіт шерушілер болған жоқ. Мемлекет басшысы сұхбатта неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді.

«Бас десе құлақ деудің қажеті жоқ. Олар қарақшылық жасап, бүлік шығарып жатты. Бандиттердің ісінен асқан жауыздық байқалды. Төтенше жағдай енгізілгенде басты ұйымдастырушы - ішкі органдар. Ал терроризмге қарсы операция жарияланса, басты ұйымдастырушы Ұлттық қауіпсіздік комитеті болуы керек. Іс тапсырылмай, жиналыстар болып жатқанда бұлай өту қиын болды. «Мырзалар, соғыс болып жатса, сіздер кеңесіп отырсыздар. Мен сіздерге бүлікті басуға барлық жауапкершілікті тапсырамын, жоғары қолбасшы ретінде ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасы ретінде бұйрық беремін» дедім», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.
«Алғашында полицейлердің қолында дубинка болды, олар шу гранаталары, көзден жас ағызатын газбен қаруланды. Біз шерушілерге қарсы қару қолданылмайды деп келдік. Сосын суатқыш машиналар болды. Бірақ бұл машиналарды қолдана алмады. Себебі бандиттер бірден басып алды. Қару-жарағы болмаған десантшылар қатты зардап шекті. Оларды шешіндіріп, Президент Резиденциясына шабуыл кезінде тірі қалқан ретінде пайдаланды. Бұл бір. Екіншіден, әйелдерді қолданды», -  деді Президент.


Хабарламаларға жазылу