«Қорғас» кеден бекетінде кешенді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорғас» кеден бекетінде кешенді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр

28.01.2022

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қорғас» кеден бекетінде кешенді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бас прокуратурадан бастап құзырлы органдар мұндағы көлеңкелі бизнестің бар-жоғын анықтап, статистика мәліметтері мен нақты тауар айналымның арасындағы алшақтықтарды қарауға кірісті. Қорғасқа арнайы сапармен барған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тауартасымалдаушылармен, брокерлермен кездесіп, жалпы ахуалмен танысты. Министрдің айтуынша, дәл осы Қорғас кеден бекетін кешенді өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы тауарайналымның ашықтығы қамтамасыз етіледі. Жүк көліктерінің кіріп-шығуы жылдамдатылып, транзиттік тауарлардың рәсімделу уақыты қысқарады. Мемлекеттік кірістер департаментінен бастап, барлық кеден бекеттерінің кадрлық мәселесі қайта қаралмақ.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

Қандай да бір әлі бар топтар байып немесе әлі бар бизнесмендер ғана жұмыс істеп, басқа шағын, орта бизнеске қандай да бір зияны келмеу керек. Сондықтан біз жалпы ережелерді өзгертіп, бәріне ортақ бірдей ереже орнатып, бағаның ашықтығын қамтамасыз етіп, сол бағалар бойынша тауарларын әкеліп жатса, әрине кедендік түсімдер көбейеді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу