Қызылорда қаласында қоғамдық көлік қатынасын реттеуге 1 млрд теңге субсидия беріледі
Қызылорда қаласында қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін бір миллиард теңге субсидия бөлінетін болды. Енді қалаішілік 26 бағыт бойынша қатынайтын автобустарға қосымша қаржы беріледі.
Бүгінде шаһарда 400-ге жуық қоғамдық көлік халыққа қызмет етеді. Мемлекеттік меншіктегі «Қызылорда автобус паркінен» күнделікті үлкен сыйымдылықты небәрі 60 автобус жолға шығады. Яғни, 32 бағыттың тек 5-еуін ғана қамтып отыр. Сол себепті, тұрғындар тарапынан да шағым көбейген. Мәселені оңтайлы шешу үшін жергілікті әкімдік 1 миллиард субсидияның біршама бөлігін жеке тасымалдаушыларға беруді ұйғарды.
Бауыржан Оспанов, қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Бұл уақытқа дейін мұндай мәселе шешім таппаған. Қазіргі таңда жеке тасымалдаушыларға 396 млн теңге бөлініп, тиісті құжаттар рәсімделіп болған соң бұл жүйені іске қосатын боламыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
24.07.2026, 20:18